Skip to main content
    You are not logged in. (Log in)
Eguru
English ‎(en)‎
Қазақша ‎(kk)‎ Русский ‎(ru)‎ English ‎(en)‎
Eguru
    English ‎(en)‎
    Қазақша ‎(kk)‎ Русский ‎(ru)‎ English ‎(en)‎
  • Общая медицина
  • Стоматология
  • Фармация
  • ТФП
  • Общественное здравоохранение
  • Сестринское дело
  • Педиатрия
  • MS Teams

Сайт дистанционного обучения Казахского национального медицинского университета

  1. Home
  2. Site pages
  3. Инструкции для студентов

Инструкции для студентов

    • Google ClassRoom - Instructions for students.pdfGoogle ClassRoom - Instructions for students.pdf
    • Google ClassRoom - инструкция для студентов.docx .docxGoogle ClassRoom - инструкция для студентов.docx .docx
    • Google ClassRoom - инструкция для студентов.pdfGoogle ClassRoom - инструкция для студентов.pdf
    • Moodle - Instructions for students.docxMoodle - Instructions for students.docx
    • Moodle - Инструкция для студентов.pdfMoodle - Инструкция для студентов.pdf
    • Zoom - Instructions for students.docxZoom - Instructions for students.docx
    • Zoom - Инструкция для Студентов.pdfZoom - Инструкция для Студентов.pdf
    • Инструкция КазНМУ по авторизации в MS Office 365 (для пользователей ).pdfИнструкция КазНМУ по авторизации в MS Office 365 (для пользователей ).pdf
◄ HelpDesk
Инструкции для преподавателей ►
Skip RSS

RSS

  • ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ
    Sun, 22 May 2022, 05:06 PM

    Министрліктің аппарат жиналысында негізгі ҰБТ-ның өту барысы қаралды. Алдын ала болжам бойынша 290 мыңға жуық талапкер тест тапсырады. Биыл негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижемен грант тағайындау конкурсына қатысу мүмкіндігі беріліп отыр. Бұл ретте екі мүмкіндікте де бейінді пәндердің бір ғана комбинациясын таңдауға болады.

     

    Асхат Аймағамбетов Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовпен мектептерде әскери-патриоттық тәрбие беру, еліміздің әскери жоғары оқу орындарында кадрларды даярлау және әскери қызметтің тартымдылығын арттыру мәселелерін талқылады. Білім және ғылым министрі әскери борышын өтеген азаматтар мен «Кадет» сыныбының түлектері үшін грант иеленуге 5% квота бөлуді ұсынды. Сондай-ақ әскери қызметте қаза тапқан жауынгерлердің балаларына университеттерде оқуға гранттар беру туралы норманы енгізуді ұсынып отырмыз,-деді Асхат Аймағамбетов. Әскери жоғары оқу орындарындағы өзгерістер мен мектептердегі әскери-патриоттық тәрбие туралы толық ақпаратты министрдің Facebook парақшасынан оқуға болады.

     

    Асхат Аймағамбетов Алматыда өткен «Жаңа әлемдегі – Жаңа Қазақстан» атты саясаттанушылардың Х конгресіне қатысты. Сарапшылар конституциялық реформа мен жалпыхалықтық референдум туралы пікір алмасты. Білім және ғылым министрі саяси мәдениетті қалыптастыруда мектептегі тәрбие мен білімнің маңызына тоқталды. Бүгінгі білім беру мазмұны балалардың функционалдық сауатын арттырумен қатар сыни ойлау, пікір таластыру және алған білімді практикада пайдалана білу дағдыларын дамытуға бағытталып отыр,-деді министр.

     

    Білім және ғылым министрі Алматыға жұмыс сапары аясында мектеп оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттап, дарынды балалардың сұрақтарына жауап берді. Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысының қолдауының арқасында халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына біржолғы ақшалай төлемдерді төлеу нормасын қарастыратын заңға қол қойғанын айтты. Енді алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК, күміс медальға 1 000 АЕК, қола медальға 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы беріледі.

     

    Асхат Аймағамбетов Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылар құрамымен де кездесті. Министр жоғары білім беру саласындағы өзгерістердің маңызын түсіндіріп, ұстаздардың сұрақтарына жауап берді.

     

    Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министірлігінің Қоғамдық кеңесінің отырысына қатысты. Жиында кеңестің жаңа құрамы сайланды. Ведомство басшысы жаңа оқу жылында бірқатар өзгерістер ұсынылып отырғанын айтты. Бұл балабақшаларды лицензиялау, білім беру бағдарламаларын жаңарту, мұғалімдерді аттестаттау және басқа да мәселелер бойынша ұсыныстар. Асхат Аймағамбетов Қоғамдық кеңес мүшелерін аталған ұсыныстарды белсенді қарастыруға және қолдау білдіруге шақырды.

  • Президент халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына біржолғы ақшалай төлемдерді төлеу нормасын қарастыратын заңға қол қойды - Асхат Аймағамбетов республикалық олимпиаданың жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесуінде
    Sat, 21 May 2022, 07:07 PM

    Кеше Алматыда қала мектептерінде оқитын республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтадым. Жеңімпаздарға дипломдарын табыстап, дарынды балалардың сұрақтарына жауап бердім.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды балаларды қолдауға ерекше көңіл бөлетінін атап өткім келеді.

    Жақында Президент халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздарына біржолғы ақшалай төлемдерді төлеу нормасын қарастыратын заңға қол қойды. Алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК, күміс медальға 1 000 АЕК, қола медальға 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы беріледі.
    Оқушыларды жарысқа дайындаған педагогтерге де біржолғы сыйақы беріледі.

    Одан бөлек, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қазақстандық ЖОО-ға түсу үшін автоматты түрде гранттар беріледі.

    Білім және ғылым министрлігі елімізде балаларға жағдай жасау және олимпиадалық қозғалысты дамыту жұмыстарын жалғастыра береді.

    https://www.facebook.com/11207 04037/posts/10220084046467692/? d=n 

  • ҚАЗАҚСТАНДЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕР ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТЫП ЖАТЫР
    Fri, 20 May 2022, 08:32 PM

    Қазақстандық жоғары оқу орындары жұмыс берушілермен ынтымақтастықты нығайтып жатыр. Сондай-ақ университеттер еңбек нарығының сұранысына қарай білім беру бағдарламаларын әзірлейді.

    Қазір студенттер өндірістік тәжірибеден өтіп, оқуды аяқтаған соң еліміздің жетекші компаниялары мен кәсіпорындарына жұмысқа орналасып жатыр.

    Университеттер «Арселор Миттал Теміртау», «ҚазТрансОйл», «Маңғыстаумұнайгаз», «Жәйрем тау-кен байыту комбинаты», Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты, «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі», «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК», «Kaspi bank», «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» және тбасқа да компаниялармен келісімшарттар мен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

    Мысалы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Самұрық-Қазына» АҚ, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ, «Электронды қаржы орталығы» АҚ, Қазақстан Мұнай-газ-энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы, «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ, «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК, «Қазгеодезия» РМК, «Қазгидромет» РМК және т.б. келісімге келді.

    ЕҰУ-де білім беру сапасын арттыруға, кадрларды даярлауға, студенттердің өндірістік практикадан өтуіне және түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесетін Жұмыс берушілер кеңесі жұмыс істейді. Жұмыс берушілер білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және сараптауға да қатысады. ЖОО студенттері мен түлектері үшін жұмыс берушілер бос орындар жәрмеңкесін, конференциялар, көрмелер, кәсіпорындарда экскурсиялар, семинарлар, шеберлік сабақтарын өткізеді.

    Жұмысқа орналасу бойынша ең жоғары көрсеткіштер – Торайғыров университеті түлектерінде шамамен 98%. Университет облыстағы ірі кәсіпорындармен 270 ынтымақтастық келісімшартын жасасқан. Олардың ішінде «Қазақстан алюминийі» АҚ, «ERG Service» АҚ, Ақсу ферроқорытпа зауыты, Қазақстан электролиз зауыты, Павлодар мұнай-химия зауыты, Екібастұз ГРЭС-1 және т.б. бар. Торайғыров атындағы университеттің студенттері бірінші курстан бастап облыс кәсіпорындарында дуалды оқытудан өтеді, сонымен қатар жұмыс берушілерден ақылы тағылымдамадан және тәжірибеден өтеді.

     «Қазір университеттер білім беру бағдарламаларын әзірлеп, кадрларды тарту кезінде жұмыс берушілердің сұраныстарына назар аударады. Бірқатар отандық жоғары оқу орнында Мансап және кәсіби даму орталықтары жұмыс істейді. Олар жұмыс берушілермен бірлесе отырып, бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін, презентациялар ұйымдастырады, студенттер мен түлектерге жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен кәсіби тәжірибеден өту туралы ақпарат береді. Осылайша Мансап орталықтары түлектерге жұмысқа орналасуға және кәсіби әлеуетін іске асыруға көмектеседі. 2021 жылы университеттер 100-ден астам бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, 200-ге жуық кездесу өткізді. Оларға 115 мыңға жуық университет студенттері, сондай-ақ 2 800-ден астам мекеме, кәсіпорындар мен компаниялардың өкілі қатысты», - деп түсіндірді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

  • Асхат Аймағамбетов еліміздің әскери жоғары оқу орындарындағы өзгерістер мен мектептердегі әскери-патриоттық тәрбие туралы
    Fri, 20 May 2022, 06:26 PM
    Кеше Қорғаныс министрімен бірге мектептерде әскери-патриоттық тәрбие беру, еліміздің әскери жоғары оқу орындарында кадрларды даярлау және әскери қызметтің тартымдылығын арттыру мәселелерін талқыладық.
     
    Мемлекет басшысы әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысын арттыруды тапсырған болатын. Осы орайда бұл іс-шаралар Президенттің тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталып отыр.
     
    Еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отансүйгіштікке тәрбиелеу, жастарды алғашқы әскери даярлықтан өткізу және офицерлер даярлау – ол ортақ міндет. Ал осы бағытта біздің министрлік өте маңызды рөл атқарады.
     
    Осыған байланысты біз мынадай ұсыныстарды қолға алдық.
     
    1. Мерзімді әскери қызметті өткерудің тартымдылығын арттыру үшін біз әскери борышын өтеген университет және «Кадет» сыныбын бітірген түлектер грант алу үшін 5% квота бөлуді ұсындық. Бұл жыл сайын 3 000-нан астам грант.
     
    2. Оның үстіне университет түлектері әскери қызметтен өткен жағдайда грантты 3 жыл бойы өтеу мерзімінен босатылады.
     
    Қазір мемлекет есебінен оқығандардың барлығына оны өтеу талабы қойылатынын еске сала кетейін.
    Бұл оқуға түсушілерді ынталандырып, әскери қызметке деген қызығушылықты арттырады деп ойлаймын.
     
    3. Біз әскери қызметте немесе бітімгершілік және басқа да арнайы операцияларға қатысып, қаза тапқан әскери қызметшілердің балаларына университеттерде оқуға гранттар беру туралы норманы енгізуді ұсынып отырмыз.
     
    4. Мерзімді әскери қызметін өтеп жүргендердің білім алуына қатысты. Қазір олардың әскери қызметті өткеруіне байланысты білім алуға мүмкіндіктері көп емес. Сол себепті олар үшін жаппай онлайн курстар ашуды жоспарлап отырмыз.
     
    Біз сондай-ақ сарбаздардың оқу нәтижелерін қайта тексеруге және қысқа мерзімді курстардан өтіп, біліктілік емтиханын тапсырып, оларға жұмысшы мамандығын алғаны туралы диплом беруге дайынбыз.
     
    5. Тағы бір маңызды бастама – кейбір әскери бөлімдерде колледждер ашу. Осы мәселе бойынша талдау жүргізіліп, нақты шешім қабылданады.
     
    6. Университеттердегі әскери кафедраларды оңтайландырып, қайта қарауды ұсынамыз. Бізді олардың жұмысының сапасы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері алаңдатады. Студенттерге нашар білім беріп, сапаны көтеруді ойламайтын әскери кафедраларды жабу қажет деп санаймыз. Сондай-ақ әскери кафедралардың барлық қызметкерін қайта аттестациядан өткізу керек. Оқуға қабылдаудың нақты, ашық және шынайы ережелерін қабылдаған дұрыс. Сонымен бірге мемлекеттік тапсырыстың құнын арттыру қажет.
     
    7. Сонымен қатар кадет сыныптарының түлектеріне әскери-техникалық бағыттағы ЖОО-ларға қабылдау кезінде квота қарастыруды ұсынамыз. Жалпы НҚА-да кадет сыныптарының жұмысы регламенттеледі. Қазір елімізде жалпы білім беретін мектептердің кадет сыныптарында 22 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр.
    Оқу бағдарламалары, ынталандыру пакеттері және басқа да мәселелер Қорғаныс министрлігімен бірлесіп шешіледі.
     
    8. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша. Біз оқу бағдарламасын тәжірибеге бағытталған білім мен машық алу бағытында жаңартып жатырмыз.
     
    Біз Қорғаныс министрлігінен 5 күндік әскери-дала оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін оқу полигондарын беруді
    сұрадық, бұл «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің бағдарламасында бар.
     
    Сонымен қатар Қорғаныс министрлігінің басшысымен бірге оқу пәндері мен оқу жүктемесіне түзетулер енгізу мәселелерін де талқылағанымызды қоса кетейін.
    https://www.facebook.com/11207 04037/posts/10220080239372517/? d=n 
  • АҚТӨБЕДЕГІ ҚАЗАҚ-ОРЫС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫНДА ӨРЕСКЕЛ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР АНЫҚТАЛДЫ
    Fri, 20 May 2022, 12:06 AM

    Ақтөбедегі Қазақ-орыс халықаралық университетінің жұмысында өрескел заң бұзушылықтар анықталды.

    ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті профилактикалық бақылау кезінде университеттің білім беру саласындағы заңнама талаптарын сақтамай отырғанын анықтады.

    Мысалы, оқу орны бақылау парағының 46 тармағының 32 тармағы бойынша бұзушылық жасаған. Атап айтқанда, Ақтөбедегі Қазақ-орыс халықаралық университетінің студенттеріне лекцияны біліктілік талаптарына сай келмейтін оқытушылар оқиды. Мысалы, «Әуе көлігін пайдалану» мамандығы бойынша базалық білімі бар мұғалім «Мектепке дейінгі тәрбиедегі инновациялық технологиялар» және «Бастауыш мектепте тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәндерінен сабақ береді. Ал дене шынықтыру пәнінің мұғалімі музыкалық өнердің теориясы мен әдістемесі бойынша сабақтар жүргізеді.

    «Профилактикалық бақылау барысында соңғы 5 жылда бірде-бір ғылыми мақаласы жоқ оқытушылар Қазақ-орыс халықаралық университетінде магистрлік диссертацияларға ғылыми жетекшілік ететіні анықталды және бұлар бұзушылықтардың бір бөлігі ғана», - деп айтты ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Жарасова.

    Студенттер мен оқытушылар туралы нақты деректер ҰБДҚ мәліметтеріне сәйкес келмейді. Деректер базасында 335 оқушы мен көптеген мұғалім туралы ақпарат жоқ.

    Онымен қоса, университет студенттердің оқу жүктемесі мен оларды қорытынды аттестациядан өткізу талаптарын сақтамайды. Бакалавриат және магистратура студенттері академиялық кредиттерді толық көлемде игермеген.

    Студенттердің білім нәтижесі де көңіл көншітпейді, олардың 96%-ы шекті деңгейден өте алмады, бұл білім беру қызметінің сапасының төмендігін көрсетеді.

    Университет оқу кабинеттерімен және зертханалық базамен жеткілікті қамтамасыз етілмеген. Кейбір кабинеттер санитарлық талаптарға сай келмейді.

    Университетке барлық анықталған бұзушылықты жоюға уақыт берілді. Алайда Ақтөбедегі Қазақ-орыс халықаралық университеті көптеген заңбұзушылықты жойып, білім сапасын арттырудың орнына, тексеру нәтижесіне шағымданумен уақыт өткізіп жатыр.

    Бірінші сатыдағы соттың шешімімен комитеттің барлық әкімшілік актісі заңды деп танылды, ал университеттің шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.

    Министрлік талапкерлерге, студенттерге және олардың ата-аналарына жоғары оқу орнын таңдау кезінде білім сапасына мән беру керегін тағы да бір мәрте ескертеді.

Source site...
Home
Eguru

Lorem Ipsum is simply dummy text of the printing and typesetting industry. Lorem Ipsum has been the industry's standard dummy text ever since the 1500s, when an unknown printer took a galley of type and tronic typesetting, sheets taining Lorem Ipsum passages.

Информация

  • About Us
  • Terms of use
  • FAQ
  • Support
  • Contact

Follow Us

  • Facebook
  • Twitter
  • Google Plus
  • Pinterest

Contact

Алматы, 94. Ректорат 245 кабинет

Phone: (727) 338-70-90, 7075, 7776

E-mail: dis@kaznmu.kz

Copyright © 2021. Powered by Moodle
Data retention summary
Get the mobile app